Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа әкелген өскемендіктер табылды
Өскемен қаласы кәсіпорындарының бірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген қос тәжік азаматы ұсталды
Тәжік гастробайтерлерін Өскемен қалалық полицейлері "Мигрант" профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ұстаған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, заңсыз мигрант алдырған өскемендік кәсіпкерге 50 АЕК есебінде (126 мың теңге) айыппұл салынған.
Бес күндік тексеріс кезінде барлығы шетел жұмысын күшін тартуға заңнамасын бұзуға байланысты 11 дерек анықталған. Ережені бұзған 514 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылған, оның 36-сы еліне қайтарылса, 310-ы елде жүру уақыты қысқартылды.