Крещенияға екі жүз мың қазақстандық қатысты
Қазақстан аумағында азаматтардың жаппай шомылуына арналған үш жүзден астам қауіпсіз суға түсу орындары дайындалған
Қазақстанда Крещения тыныш өтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.
- Крещение мерекесін тойлау кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде елдегі суға түсу орындарында төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, шомылуға еліміздің шамамен 200 мың тұрғыны қатысты, - деп хабарлады дүйсенбіде таратылған ақпарат.