ШҚО-да мас күйінде көлік айдаған әскери қызметкер ұсталды
Полицейлердің көзіне түскен әскери қызметкер олардан қашып құтылмақ болған
Оқиға Зайсан ауданында болған. Ауылға көлік теуіп барған сарбаздың жүрісіне күмән келтірген жүргізушілер оны тоқтатып, тексерістен өтуді ұсынған. Алайда әскери қызметкер бұдан бас тартқан.
Зайсан аудандық соты шешім шығарып, жас жігітті жүргізу куәлігінен үш жыл айырған.