Өскеменде ер адам дүкен тонап кетті
Ішімдікке ақша таба алмаған тұрғын дүкен тонаған
Қолына пышақ ұстаған тұрғын дүкенге түсіп, сатушыны қорқытып, кассадағы 80 мың теңгені алып кеткен.
Шошынып қалған әйел кейін есін жиып, полицияға хабарласқан. Оқиға орнына келген жедел іздестіру тобы ұрының қай жаққа қашқанын шамалап жақын маңдағы бейнебақылау камераларын тексере бастаған.
- Полицейлер оқиғаның қалай болғанын бейнелеп, күдіктінің сипаттамасын біліп, ұрлықты кім жасағанын бірнеше күннің ішінде анықтап ұстады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ал ұсталған 51 жастағы күдікті ісін толықтай мойындап, ішімдікке ақша керек болған соң, дүкен тонағанын айтқан.