Өскемендегі жаяу жүргіншілер өткелі жөнге келтірілетін болады
Бүгін қалалық мәслихаттың депутаттары мен Қоғамдық кеңестің өкілдері атышулы нысанға барып, азаматтардың тілектерін тыңдап қайтты
Жер үсті өткеліндегі екі лифт жұмыс істей бастады. Енді олар сағат 7.00-ден бастап 23.00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Нұр Отан" партиясының Өскемен филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова және қалған делегация қала тұрғындарының пікірін тыңдады және өткелде әлі де тайғаққа қарсы резеңке жамылғысы жоқ жерлер бар екенін атап өтті. Бұдан басқа, қоғам белсенділері лифттің қызметін пайдалануға рұқсат етілген халық санаттарын кеңейтуді ұсынды.
- Біріншіден, тайғақ жерлерде адамдар жарақат алмас үшін резеңке жамылғымен 100% қамту керек, - деді Майраш Екібасова. - Сонымен қатар, арбасыз жүретін мүгедектер немесе жүкті әйелдер, қарт адамдар бар. Оларға да лифтті пайдалануға рұқсат ету керек. Депутаттардың пікірінше, азаматтардың барлық тілектері мен ескертулері жақын арада қалалық билікке жеткізілетін болады.