ШҚО-да сот процестеріне ғаламтор арқылы қатысуға болады
Аягөз, Ұлан және Глубокое аудандарында "Виртуалды сот" қанатқақты жобасы іске қосылды
Енді бұл ауданның тұрғындары сот залына бармай-ақ Skype бағдарламасы арқылы онлайн-режімде отырып, сотқа қатыса алады.
Судьялар бейнеконференц байланысы арқылы азаматтық істерді де, әкімшілі істер мен қылмыстық істерді де қарастырады. Құпиялылық деген жоқ.
Мамандардың айтуынша, бұл бастама уақыт пен қаржы үнемдеуге көмектеседі.
- Сотқа қатысу үшін белгіленген уақытта аудан әкімдігіне келу керек, ал кезекші мамандар соттың бейнеконференция жүйесін қосып береді, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық соты әкімгерінің орынбасары Айгерім Хайрулинова.
Одан бөлек, сотқа онлайн-режімде қатысу үшін Smart Sot бағдарламасын жүктеп алуға болады.
Ал былтыр мобильді гаджет арқылы 57 іс қаралған екен.