Өскеменде жас отбасы үйсіз қалды
Үйлері өртенген жас отбасыға материалдық көмек қажет: ең алдымен, киім және мектепке арналған құрал-жабдықтар
Өрт сөндірілді, алайда үйде тұру мүмкін емес. Қазіргі уақытта отбасы уақытша туыстарын паналап жүр және үйді біртіндеп қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Үйде өрт әсерінен барлық заттар қираған.
- Сол күні үстімізге киіп жүрген киіммен ғана қалдық. Тұрмыстық техника туралы ештеңе айта алмаймын, - дейді үй тұрғыны Анна.
Жас отбасы көмекке зәру. Ең алдымен киім керек. Отағасы Владимирге 50-52 киім-кешек және 43-44 өлшемді аяқ киім қажет. Анна үшін 46-48 өлшемді киім және 39-40 өлшемдегі аяқ киім, үлкен 13 жасар ұлы Игорьге 44-46 өлшемді киім және 43-44 өлшемді аяқ киім қажет. Ең кіші қызы Ксения алты жаста, бойшаң, 7-8 жастағы қыздардың киімі де жарайды.
Сондай-ақ, отбасыға мектепке керек жабдықпен, төсек-орынмен және тіпті азық-түліктей көмек беруге болады. Жас отбасына көмектесуге ниет білдірушілер болса, Анна Гётедің телефон номерлеріне (8-777-742-00-52) және оның жұбайы Владимирге ( 8-777-702-03-81 ) хабарласа алады.