Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Денис Теннің өліміне күдіктілер жауап берді

Күдікті Жанар Толыбаева ұсталған бойда Алматы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген. Сол кезде оған Құдайбергенов хабарласыпты

Құқық қорғаушылар оның нөмірі арқылы қайда жүргенін анықтайды. Құдайбергеновті қамауға алған кезде, Толыбаева полиция көлігінде болған.

- Мені Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінде тергеп, кейін қоя берді. 21 шілдеде Алматы полиция департаментіне шақырды, сол кезде маған кім кімге пышақ салғанын айт деп қысым көрсетті. Арман бәрін мойындады деді. Содан соң полицей бір бума қағады орап, бетімнен ұра бастады, - деп мәлімдеді Толыбаева жұма күні сот отырысында.

Оның айтуынша, соққыға жығылғанын дәлелдейтін құжатты ұсынған екен.

- Ұрып-соғу туралы анықтамам болған, бірақ оны іс материалына қоспады. Көгерген жерлерім жазылып кетті. Мені кім ұрғанын да білмеймін, оларды бұрын көрмеген едім, - деп Толыбаева соттан бұрын берген түсініктемелерін қайта оқып шығуды сұрады.Марқұмның анасы сотталушылардың біреуі де кешірім сұрамады, олар кінәсін сезінбеген дейді.

Еске салсақ, Олимпиада жүлдегері Денис Тен өткен жылы жазда ұрылардың қолынан қаза тапқан еді. Ізін суытқан қаскөйлерді тәртіп сақшылары бірден қолға түсірді. Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов "адам өлтіру" және "қарақшылық" бабымен айыпталса, Жанар Толыбаева қылмысты біле тұра тиісті органдарға хабарламады деген күдікке ілінген. Прокурор оқыған айыптау актісіне сәйкес, ұрылардың бірі қылмысын жасыру үшін спортшыға пышақ сұққан. Бірақ осыған дейін үш сотталушы да қылмысқа ешқандай қатысымыз жоқ деп ақталған еді. Құдайбергенов тек айнаны ғана ұрладым деп жауап берген.

Следующая →