Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да үш балықшы мұз астына түсіп кеткен

Оқыс оқиға 30 желтоқсан күні Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасының Құлын аумағында орын алған

"Сузуки" маркалы көлік мінген үш азамат Көкпекті жағалауынан Күршімге қарай өтемін деп, мұз астына түсіп кеткен.

- Жағадан 15 шақырым жерге барған көлік мұзға түсіп кеткен. Екі балықты батып бара жатқан көліктен шығып үлгерсе, біреуі шыға алмай қалған, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Судан шыққан азаматтарға жергілікті балықшылар көмектесіп, құтқару қызметіне хабар берген. ШААШҚЖ 9-бөлімі сүңгуірлері оқиға орнына дереу жеткенімен батып кеткен көлік ішінде қалған азаматтың денесін алып шыға алмады. Келесі күні сүңгуірлер арнайы құрылғылардың көмегімен көлікті алып шығып, марқұмның денесін шығарып алды.

- Мұз өткелі емес жерден мұз үстімен жүруге қатаң тыйым салынған. Мұз қалыңдығына тек ауа температурасы әсер етпейтіндіктен қаупі жоғары. Сонымен қатар бір аумақтағы мұздың қалыңдығы әр жерде әрқалай болуы мүмкін. Мұзды өткелдер қауіпсіз. Өйткені ол жерлердегі мұз қалыңдығы толық тексеріледі, - деп атап өтті ШААШҚЖ бас құтқарушысы Анатолий Рожков.

Сонымен қатар, бас құтқарушы бір адам үшін қауіпсіз мұз қалыңдығы 7 см-ден кем болмауы керектігін ескертті. Ал көлікпен өту үшін мұз қалыңдығы 30 см-ден кем болмауы керек.

Следующая →