31 желтоқсанда Өскемендегі автобустарда жолаушыларға тәтті сыйлықтар таратылады
Облыс орталығының тасымалдаушыларының бірінің қолдауымен қала тұрғындары үшін тосынсый әзірленуде
Мерекелік іс-шара "Марат М" компаниясының автобустарында өтеді, деп хабарлады Устинка LIVE.
- Фирма қызметкерлері Аяз ата және Ақшақар болып киініп салонға кіріп, адамдарды құттықтайды, - дейді "Өскемен жолаушылар тасымалы" ЖШС директоры Ернар Мұстафин. - Өлең айтып немесе басқада жолаушыларды құттықтай білген белсенді жолаушылар ертегі кейіпкерлерінің тәтті сыйлықтарына ие болады.
Жаңажылдық шара 31 желтоқсан күні №7, №47, №10, №26, №38 автобустарда өтеді. Құттықтауға үш Аяз ата мен үш Ақшақар шығады.
Айта кетейік, "Марат М" компаниясының қала тұрғындарын қуантуы биыл бірінші жыл емес. Осыдан екі апта бұрын компания тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай әрбір 27-ші жолаушыға тегін жүруге мүмкіндік берген.