Венада шіркеуге шабуыл жасалды
Вена шіркеуінде екі белгісіз адам шабуыл жасап, бес монах жарақат алды
Аустрия астанасында полиция қызметкерлері монастырьдегі шіркеуге шабуыл жасаған екі қарақшыны іздеуде.
Оқиға күннің екінші жартысында Венадағы Флоридсдорф аймағында болды. Қарақшылар монахтардың барлық ақша мен құнды заттарын тартып алады.
Нәтижесінде бес монах жарақаттанып, олардың біреуі ауыр жарақат алды. Құрбандардың жасы - 56 жастан 68 жасқа дейін. Олар шабуылдан бірнеше сағат өткен соң шіркеуде табылған.
Қарақшыларды іздеу жұмыстары әлі нәтиже бермеді. Куәгерлердің айтуынша, олардың біреуі неміс тілінде сөйлеген.
Тергеушілер шабуылдың лаңкістікке қатысы жоқ екенін айтты.