Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаңа жылдан бастап Шығыс Қазақстанда тариф бағалары қалай өзгереді

Облыста коммуналды қызметтерді ұсынумен айналысатын 46 монополист 80 түрлі тарифтің бағасын түсіруді ойлап отыр

Одан бөлек, "ШҚ РЭК", "ҮМЗ" и Согра ЖЭО мекемелері тарифтерді қымбаттатудан бас тартты. Тариф бағаларын белгілеудің әсерінен 2,5 млрд теңге үнемделеді.

Шығыс Қазақстанда жаңа жылдан бастап электр жарығына төлейтін тариф сомасы арзандайды.

Бұл жайында электр энергиясын сатумен айналысатын "Шығысэнерготрейд"  компаниясы мәлімдеп отыр. Электр энергиясын тұрмыстық жағдайға қолданатын тұрғындардың жаңа жылдан бастап әрбір киловатт сағатқа 9,719 теңгеден төлейді. Бұл биылғы тарифке қарағанда 6,5 пайыз арзан. Бұған қосымша құн салығы қосылмаған.

Ал электр энергиясын өндіріс үшін пайданалатындар мен мемлекеттік мекемелерге арналған тариф сомасы өзгерген жоқ: әрбір киловатт сағатқа 12,936 теңгеден төлейді. Бұған да қосымша құн салығы қосылмаған.

Одан бөлек, жаңа жылдан бастап ыстық су мен жылуға төленетін тариф құны да төмендейді. Облыстық Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитет департаменті желтоқсан айында ыстық су мен жылудың жаңа тарифін бекіткен болатын.

Есептеу құралдары жоқ пәтерлерге баға 3621,74 тг/Гкал болса, есептеу құралы бар пәтерлер 1822,82 тг/Гкал төлемек. Ал ескі үйлер үшін 3018,12 тг/Гкал болмақ. Есептеу құралдары жоқ орнатылған бюджеттік мекемелер 9814,77 тг/Гкал болса, есептеу құралдары бар мекемелер 5798,45 тг/Гкал болады.

Ыстық суға келетін болсақ, есептеу құралдары жоқ пәтерлер адам басына ай сайын 705,8 теңге төлесе, есептеу құралдары бар тұрғындар 285,16 тг/м3 төлейді.

Следующая →