Қазақстанда Инвестиция және даму министрлігі қайта құрылды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында министрліктердің бірін қайта құру туралы жарлыққа қол қойды
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне айналды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Қайта ұйымдастыруға байланысты ҚР ИДМ өкілеттігі инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында берілді.
Сонымен қатар, "Инвестициялық комитет” және "Kazakh Invest Ұлттық компаниясы" АҚ акциялар пакеті ҚР СІМ-ге берілді.
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.