Өскеменде заңсыз сатылған 100 дана пиротехника заттары тәркіленіп алынды
Өскемен қаласы ТЖБ құтқарушылары мен Полиция басқармасының қызметкерлері базарларды аралып, заңсыз пиротехника сатқан сауда орындарын анықтады
Ең алдымен, рейд жүргізушілер пиротехникалық тауарды сатуға сертификат бар-жоқтығын тексерді.
- Пиротехникалардың түрлері көп, бағалары да әртүрлі. Кейбір сатушылар пиротехниканы жасырын сатады, тек сұраған кезде ғана береді, - дейді Өскемен қаласы ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Сондықтан заңсыз фейерверк саудасын анықтау үшін "жем тастау" әдісін пайдаланып, жасырын саудагер ретінде пиротехника сатып алған. Сол кезде ғана аяқ киім сатып тұрған саудагердің пиротехника да сататындығы белгілі болған. Ал саудагер пиротехника сату талаптары мен ережелерін білетіндігін, алайда оны жақын арада ғана сатып алғандықтан, құжаттарының енді дайындалып жатқанын айтып ақталған.
Айта кету керек, қазір пиротехникалар екі орында ғана ресми сатылуда: оның бірі "Дос-Нар" базары болса, екіншісі – "Арзан" супермаркеті.