АҚШ басқармалары жұмысын тоқтатып жатыр
АҚШ Президенті Дональд Трамп пен демократтардың қарама-қайшылығы кесірінен федералды мекемелердің кейбірі бюджеттің жоқтығынан жұмыс жасай алмай жатыр
Бүгін федералды үкіметті қаржыландыратын заңның мерзімі аяқталды, ал келесі жылға бюджет әлі бекітілген жоқ, деп хабарлайды Новости РАА.
Нәтижесінде мемлекеттік департамент, әділет министрлігі, ішкі қауіпсіздік министрлігі, ауыл шаруашылық, көлік және тағы басқа ведомствалар қаржысыз қалды. Енді заңға сәйкес, бұл басқарма мен мекемелер жұмысын қысқартуы қажет, сол үшін мемлекеттік қызметкерлерді мәжбүрлі демалыстарға жіберіп жатыр.
АҚШ Президенті Д.Трамп келесі жылғы бюджет шығындарына Мексика мен Америка шекарасында дуал салуға қажет қаржыны да кіруі керек деп отыр. Алайда демократтар бұған келіспей отыр. Ал республикалық партия өкілдері шекарадағы күзетті күшейту үшін 5,7 млрд доллар бөлуге келісім берсе, демократтар бұған қарсылық танытуда.
Енді конгресс мүшелері кезектен тыс отырыс өткізіп, бюджетті мақұлдаудың жолдарын табуы тиіс.