Өскеменде тұрақтандыру қоры өнімдерінің сапасы тексерілді
Жоғары бағадағы өнімдерге үйренген кейбір қала тұрғындары, тұрақтандыру қорының төмен бағадағы өнімдеріне күмән келтіруде
Әлеуметтік дүңгіршектерге жеткізілетін көкөніс сапасы стандарттарға сәйкес келе ме, "Устинки плюс" журналистері анықтады.
Нәтижесінде барлық көкөністер сапалы болып шықты. Өскеменнің әр жерінен сатып алынған картоптардың ешқайсысынан бүлінгенін таба алмадық. Басқа да көкөністер жаңадан әкелінген екен.
- Тұрақтандыру қорынан әкелінген көкөністердің барлығы тексерілген, - дейді Қабанбай Батыр көшесіндегі "Ертіс" ӘКК-ның сатушысы Алмагүл. - Біраз дымқыл пияздар болды, бірақ бәрі жақсы. Картоп пен сәбізде шірік емес.