Астанада биопакет өндірісі басталды
Қазақстан уақыт өте келе, қоршаған ортаны ластайтын бір реттік пластикалық пакеттерді тастауды жоспарлап отыр
Астанада Биопакеттер өндіретін кәсіпорын ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндай пакеттер топырақта ыдырап, тыңайтқышқа айналады. Қоршаған ортаға зиян келтірмейді.
Технология айына 5 миллион өнім өндіруге арналған. Бұл пакеттер микротолқынды пеште тағамды қыздыруға жарамағанымен, қайта пайдалануға болады.
Эко-пакеттер қазіргі уақытта Астана мен Алматы қалаларында бірнеше ірі сауда желілерінде сатылады, бірақ болашақта оларды Қазақстанның басқа да қалаларында сатуды жоспарлап отыр.
Следующая →
Мұндай пакеттер топырақта ыдырап, тыңайтқышқа айналады. Қоршаған ортаға зиян келтірмейді.
- Қарапайым пластикалық пакет 100-ден 500 жылға дейін ыдырайды. Қалай жасалса, солай сақталады.Бұл үлкен мәселе. Ал біздің пакеттеріміз ыдырап, тыңайтқышқа айналды, - дейді кәсіпорын директоры Батырхан Жұманов.Мұндай пакеттер пленкаға өңделетін биополимерлі түйіршіктерден жасалады.