ШҚО-да өрттен екі бүлдіршін көз жұмды
Қайғылы оқиға бүгін Ұлан ауданының Каменка ауылында болған
Ауылдағы жер үй өртеніп, үйге қамап еткен үш жасар қыз бала мен бір жарым жасар ұл бала тірідей өртеніп кеткен.
Оқиға орнына ауылдан 32 шақырым жерде жатқан №38 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылар келгенше, үйдің бүкіл аумағы өртке оранған. Ал көз жұмған бүлдіршіндердің мәйітін көршілері тауып алған. Айтуларынша, балалар бөлменің бұрышына тығылып қалған екен.
- Қазір мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр. Бұған балалардың өздері де кінәлі болуы мүмкін. Өйткені кішкентай қыз пештегі күлмен ойнағанды жақсы көрген, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай биыл облыста бірінші рет болып отыр. Ал балалардың кесірінен биыл өңірде 55 өрт жағдайы болған.