Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Надежда Иванченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Жарма ауданында күн электр стансасы салынуда

Жарма ауданында сағатына 30 МВт электр қуатын өндіре алатын күн электр стансасы салынуда

Жаңғызтөбеде салынып жатқан баламалы энергия бекетіне инвестиция құйып отырған - Қытай елі. Құрылыс жұмыстарына шілде айынан бастап дайындық жасалса, қараша айынан бастап бекеттің өзі де салына бастаған. 
- Күн электр стансасын келесі жылдың шілде айына дейін салып бітіреміз. Биыл тек іргетасы ғана салынбақ. Бұдан өндірілген электр энергия Шығыс Қазақстан электр қуатының 2%-ын құрамақ. Қазақстанда өндірілетін күн электр энергиясы барлық электр қуатының тек 0,1%-ын ғана құрайды. Сондықтан жасыл энергия өндіру жолдарын дамытқымыз келеді, - дейді «Жаңғызтөбе күн электр энергиясы» жобасының жетекшісі Хуацзе Ян. 

Күн панелдері тау бөктеріне орналастырылып, одан өндірілген қуат көзі салынып жатқан қосалқы станса арқылы Жаңғызтөбеде тоғыз желінің торабында тұрған тасымалдау желісіне жіберіледі. Ал өндірілген электр тоғын Шығыс Қазақстан Аймақтық энергия компаниясы Қазақстанның өзге өңірлеріне таратпақ.

Жаңғызтөбенің бойында орналасқан байланыстырушы желі көптеген инвесторлардың назарын аударып отыр. Сондықтан бұл өңірде алдағы уақытта күн электр стансасымен қатар жел стансасын салу да жоспарланып отыр. 
Ал атқарылып жатқан жұмыстар құрылысы енді басталған қосалқы стансамен танысуға келген облыс әкімі Даниал Ахметовтің көңілінен шықты. 
- Бекеттің іргетасы тиімді құрылыс тәсілімен салынып жатыр екен. Бұл құрылыс жұмыстарын жеделдетеді, - деп атап өтті аймақ басшысы. 

Следующая →