Қазақстанда 2019 жылдан бастап АЕК көлемі өседі
Қазақстанда 2019 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі жалақаның мөлшері және ең төменгі күнкөріс деңгейі белгілі болды
Бұған дейін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2405 теңге болса, енді оған 100 теңге қосылып, 2525 теңге болып бекітілді.
Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақының мөлшері де өзгеріп отыр. Егер бұған дейін ең төменгі еңбеқаның мөлшері 28 мың 284 мың теңге болса, енді 42 мың 500 теңге болып өзгертіліп отыр.
Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі бұған дейін 28 мың 284 теңге болса, ол енді 29 мың 698 теңге болып өзгертілді.
Одан бөлек, базалық зейнетақы да бұған дейін 15 274 теңге болса, ол енді 16 мың 37 теңге болып отыр.