Неге халық "Зырян - Өскемен" пойызымен сирек қатынайтын болған?
Бұл мәселенің қозғалуы биыл бірінші рет емес. Бірақ әлі күнге дейін шешілетін түрі жоқ
Соңғы екі жылда Зырян қаласының тұрғындары “Өскемен-Зырян” бағытындағы пойыздың қызметін пайдаланбайтын болған. Бұған себеп пойызбен жүру автобус немесе таксиге қарағанда қымбат, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Зубовск ауылынан теміржол вокзалына дейін таксимен жету керек. Ал такси құны Өскеменге баратын пойызбен билетінен де қымбат. Ал негізінен пойыздың билеті басқа бағыттармен салыстырмалы түрде қолжетімді болып отыр.
Таңертең сағат 6.00-де Зубовск ауылынадағы Зырян бекетінде бар-жоғы алты адам ғана болады. Станцияның қызметкерлері қазір Зыряннан Өскеменге қатынайтын пойыздардың бос екендігін айтады. Теміржол көлігінің қызметін қала тұрғындары тек шарасыз жағдайларда ғана пайдаланады. Мысалы, Валентина Степановна жақында ота жасатқан, оған автокөлікпен жүру ыңғайсыз. Ал пойыз арқылы облыстық орталыққа бару әлдеқайда ыңғайлы болғанымен, жол жүру ақысын қалтасы көтермейді.
Следующая →

- Зубовскіге жету өте қымбат,- дейді пойыздың жолаушысы Валентина Степановна. - Мен жарты жылда екінші рет бара жатырмын. Вагондағы жататын орным үшін 960 тг төледім, ал ауылға жеткізетін таксиге 1200 тг төлеймін.Негізінен вагонда отыратын орындар бағасы 480 тг ғана тұрады. Бірақ отырған ешкім жоқ.
- Вагондар жаңа, ыңғайлы. Бірақ жолаушылар аз. Ал кейде автокөлік жолы жабылғанда, екі-үш вагон қосуымызға тура келеді - дейді Зыряновск қаласының локомотив қоймасының бастығы.Қыс мезгілінде бірнеше рет ауа райына байланысты Өскеменге апаратын жол жабылады. Сол уақытта жергілікті билік теміржол станциясы мен Зубовск ауылы екі ортаға автобустар ұйымдастыратын көрінеді.
- Пойызға дейін қоғамдық көлік тұрақты түрде жүрмейді, - деп мәлімдеді Зырян ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. - Біз бірнеше рет бұл мәселені жолаушы тасымалдаушыларға ұсындық, барлығы бас тартады. Бұл тиімсіз. Зубовск ауылына дейін күніне екі рет автобус жүреді, сондай-ақ, жақын маңдағы ауылдарға да жолаушы тасымалдайды. Бірақ уақыты пойыз кестесімен сәйкес келмейді.Бұл мәселенің қозғалуы биыл бірінші рет емес. Бірақ әлі күнге дейін шешілетін түрі жоқ. Өткен жылы облыс бюджеті есебінен Зыряннан станцияға дейін жаңа жол салынған болатын, алайда екі ортаға жолаушыларды тасымалдауға ешкімнің құлқы жоқ.