Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда дәрігерлер жаңаша оқытылмақ

Қазақстандағы медициналық білімді жаңарту елдегі денсаулық сақтау саласына қажетті және бәскеге қабілетті мамандарды тартуға мүмкіндік бермек

Елімізде 2019 жылдан бастап медициналық ЖОО-ға түсу талаптары өзгереді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты. ҰБТ-мен қатар талапкерлер психометриялық сынақтан өтуі керек. Ол талапкердің медициналық мамандыққа бейімділігі мен жанашырлық, мейірімділігін анықтайтын болады.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында кадр жетіспеушілігі сезілгенімен, осы салада оқып жатқан студенттер саны көп. ЖОО тәмамдаған түлектер жалпы тәжірибелік емханалар мен бөлімшелерде жұмыс істегісі келмейді. Тар шеңберлі мамандық алып, қалада қала бергенді жөн көреді. Осылайша ауылдарда дәрігерлер жетіспеушілігі байқалады.

Осыған орай, ЖОО-лар санға емес, кадрлар дайындау сапасына бейімделмек.

Сонымен қатар, дәрігерлерді тәжірибелік дайындау, ЖОО инфрақұрылымы мен білім беру бағдарламаларын жетілдіру де қолға алынбақ.

Одан өзге, міндетті резидентураны енгізу де көзделуде.

Дәрігерлерді оқыту құны да өзгеретін болады.


Следующая →