Өскемендіктер қалада тыныс алу мүмкін еместігін айтады
Облыс орталығында жел болмауы салдарынан зиянды заттардың мөлшерден көп шоғырлануы байқалады, сұр түтін қаланың үстін жайлаған
2 желтоқсаннан бастап Өскемен, Риддер және Жаңа Бұқтырма ауылының тұрғындары екінші дәрежелі ауа райының қолайсыздығы жайлы ескертпе хабарлама алып келеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ауада зиянды заттар жиналады.
Ауа мониторингісінің датчиктері орнатылатын бақылау посттары қаланың барлық аудандарында күкірт диоксиді шығарындыларының артық мөлшерін көрсетеді. Синоптиктердің пікірінше, алдағы екі күнде жағдай жақсармайды.