ШҚО полициясы қоғамдық көлікті бақылауға алды
ШҚО-да "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы басталған күннен бастап үш күн ішінде алты автобус паркі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, парк басшылары желіге техникалық жарамсыз қоғамдық көліктерді шығарды, деп хабарлады Устинка LIVE.
Сонымен қатар, шара барысында құқық қорғау органдары автобус жүргізушілері жасаған 440-тан астам құқықбұзушылықты анықтады. Мәселен, қарым-қатынас ережесін бұзғаны үшін 100 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 73 адам көлік жүргізу кезінде телефонды пайдаланғаны үшін айыпты болған.
Сондай-ақ, 33 жүргізушіге белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік полиция бөлімшелерінің жол және техникалық қарау бөлімшелерінің қызметкерлері автобустардың жолаушылар мен багаждарды қалай тасымалдағанына бақылап қана қоймай, көліктің техникалық жай-күйін тексеруге ерекше назар аударып, техникалық көрсетуге апаруды ұсынды.
Көлікті техникалық тексеруге уақтылы жібермегені үшін 10 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 28 автобус жүргізушісінегаз шығарындыларындағы заттардың нормаларын жоғарылатқаны үшін әкімшілік іс қозғады. "Автобус" шарасы 10 желтоқсанға дейін жалғасады.