Екі ай бойы сексуалды құлдықта ұстап келген
Өскемен қаласының 39 жастағы тұрғыны 26 жастағы келіншекті жезөкшелікпен айналысуға күштеп келген
Бұл туралы "STOР трафик" жедел алдын алу шарасының арқасында белгілі болды. Тәртіп сақшылары адам саудасына байланысты қылмысты анықтау, алдын алу, болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда бұл ер адамға байланысты ҚР ҚК 126-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша және ҚР ҚК 308-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жалпы бес күн ішінде полиция қызметкерлері адам саудасына байланысты 4 фактіні және заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша тағы бір фактіні анықтады.
Одан өзге, ҚР ӘҚ Кодексінің 449-бабына сәйкес, қайыршылық бойынша бес әкімшілік хаттама толтырылған.