Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде бір жерде қатарынан екі жол-көлік оқиғасы орын алды

Оқиға Абай даңғылында "ҮМЗ" АҚ маңында болды, деп хабарлайды Устинка LIVE

Соғылғандардың алғашқысы - Lada Priora мен Nissan автокөліктері. Өскемен қаласының Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ресейлік автокөлікті 1984 жылы туған жүргізуші басқарған. Ол Абай даңғылымен теміржол өткелі жақтан Тракторная көшесіне қарай оң жақ шеткі жолда келе жатқан. Солға бұрылған кезде Priora дәл осы бағытта келе жатқан Nissan-ға келіп жанасып өткен. Полиция қызметкерлері жеңіл жол-көлік оқиғасы деп хаттама толтырып, ешқандай материалдық шығын болмағандығын айтады.

Біраз уақыт өткеннен кейін тағы Nissan мен Subaru автокөліктері соқтығысқан.

- "ҮМЗ" АҚ ауданында жанармай бекетінің жанында келе жатқан Nissan-ға Тракторная көшесінен шыққан Subaru жол бермей, нәтижесінде ірі жол апаты орын алды, - дейді Өскемен қаласының Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Суреттерден байқалғандай, Nissan автокөлігінің алдыңғы жағы зақымдалған, ал трамвай жолына шығып кеткен Subaru автокөлігінің артқы бөлігі түсіп қалған.

Жазатайым оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 610-бабына сәйкес хаттама толтырды.

Следующая →