Бұқтырмада балық аулағандар ұсталды
Бұқтырманың "Құйған" аймағында балық аулауға шыққан ер адамның рұқсат қағазы болай шыққан
Оның үстіне, ол тыйым салынған синтетикалық моножіппен балық аулаған.
Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, балықшының қолынан 9 келі балық тәркіленіп алынған әрі 20 айлық есептік көрсеткішпен 48100 теңге айыппұл салынған.