Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Парижде болған наразылықтың кесірінен жүз шақты адам жараланды

Францияда "сары күрте кигендер" жаппай наразылық ұйымдастырды

Сенбі күні өткен бейбіт шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, полициямен бұрын-соңды болып көрмеген қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды Францияның БАҚ өкілдері.

Француз телеарналарының хабарлауынша, "сары күрте кигендердің" сол күштері мен оң күштерінің арасында қақтығыс болып, оған көше бұзақылары мен мародер қашқындар қосылып, жаппай дүрбелең болған. Ойрандаушы топ көзге көрінген тәртіп сақшыларының барлығын сабап, Париж қаласының түкпір-түкпірінде қырғын салды.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, 110 адам жараланып, 270 адам қамауға алынған. Жараланған жандардың арасында 17 тәртіп сақшысы бар.

Бассыздар көшедегі көліктерді өртеп, Тюильри саябағының қоршауларын сындырып, Фобур Сент-Оноре көшесіндегі сауда дүкендерін қиратып кеткен.

Ал бүлік шығарудан бас тартқан "сары күрте кигендер" наразылық шеруге бейбіт түрде шыққанын әрі полициямен қақтығысқысы келмейтіндігін айтып өздерін ақтауға тырысуда.


Следующая →