Мүгедектерді тасымалдау үшін арнайы автокөлік сыйлады
Бұндай бағалық сыйды "Үлбі" әлеуметтік орталығына "Халық" қайырымдылық қоры тарту етті
Жалпы Өскемен қаласында қимыл-тірек аппараты қозғалысы бұзылған 11 мыңнан астам адам бар екен.
Ал "Үлбі" әлеуметтік орталығы осындай азаматарды тасымалдаумен айналысады.
- Енді арнайы жабдықталған шағын автобустың көмегімен мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасу әлдеқайда жеңілдей түспек, - дейді әлеуметтік орталық директоры Сәния Әубакирова. - Сондықтан да бұл біз үшін баға жетпес сыйлық.
Сәния Мағауқызының сөзіне сүйенсек, бұл көлікке төрт адамды да сыйғызуға болады екен. Оған арнайы бекіткіш құралдар мен салон сыйымдылығы да мүмкіндік береді. Негізі, бүгінгі таңда орталықтың тасымалдау қызметімен 260 адам айналысады.