Ресейде "әдемі" көлік нөмірлерін сату бойынша заң қабылдануы мүмкін
Заң жобасында "керемет" көлік нөмірлерінен аукцион арқылы ережелері бекітілмек
"Әдемі" көлік нөмірлерін ғаламторда аукцион арқылы сату ұсынысын Ресейдің Ішкі істер министрлігі мен Экономикалық даму министрлігі жасап отыр, деп хабарлайды Новости РАА.
Заң жобасы бойынша, "әдемі" нөмірлері үш нұсқа бойынша іріктеледі. Бірінші кезекте автонөмірлердің барлығы сатылымға қойылып, сұраныс жоқ нөмірлер ГИБДД-ға беріледі. Екінші кезең бойынша, тек іріктелген нөмірлер ғана сатылады. Ал үшінші нұсқасы сатып алушылардың өздері берген тапсырыстары бойынша дайындалатын көлік нөмірлері.
Заң жобасы Мемлекеттік Думаға 2019 жылы беріледі.