Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
528.31
-2.16
608.35
-5.40
¥
74.19
-0.38
6.55
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Надежда Иванченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласында жергілікті өзін-өзі басқару комитеттеріне автокөлік сыйланды

Қала әкімінің орынбасарына қызметтік көлік сатып алудың орнына жергілікті өзін-өзі басқару комитеттеріне автокөлік берілді

Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері Өскемен қаласының шағын аудандарында ұйымдастыру жұмысымен айналысады. Олардың міндетіне аумақтың санитарлы тазалық жағдайын тексеру, тұрғын үй қатынастары мен коммуналды мәселелерді шешу, тағы басқа жұмыстар жатады.

- Халықпен кездесу кезінде жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің мамандары елге ең жақын жүретін жандар екендігіне көзім жетті. Азаматтардың әл-ауқатын көтеруге де бірінші болып атсалысатын дәл осы мамандар, сондықтан біз оларға қолдау көрсетеміз. Қиындықтар көп, ал оны уақтылы шешу үшін белсенді болу керек. Сол үшін автокөлік керек, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Следующая →