Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Қызыл Шемонаихаға келесі жылы ауыз су тартылады

Ауылға қазірдің өзінде ауыз су тарту, құбыр салу жұмыстары жасалып жатыр

- Ауыз су құбырын тарту жобасы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында қаржы бөлініп отыр. Құрылыс жұмысына 260 млн теңге бөлінген, қазір 191 млн теңгесі игерілді. Ал құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталуы тиіс, - дейді облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов.

Су құбырын тарту жұмыстары, шын мәнінде, биыл жылдың басында қаңтар айында аяқталуы тиіс болатын. Алайда тапсырыс алған мердігер компания оны уақытында бітіре алмай, Шемонаиха ауданының әкімдігі оны сотқа берген.

- Былтыр ПСК "Өскемен Құрылыс" компаниясының кесірінен жұмысты бітіре алмадық. Біз жобаға жаңа түзетулер енгізіп, басқа мердігерді жалдадық. Жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өтеді, содан кейін жұмыс жалғасатын болады, - дейді Шемонаиха ауданы әкімінің м.а. Дмитрий Горьков.

Следующая →