Өскеменде төтенше жағдай туралы ескерту жүйесі жаңартылады
2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстық орталыққа заманауи цифрлық ескерту жүйесінде кезең-кезеңмен енгізуді бастайды
Департамент басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстандағы сиреналар 30 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- ШҚО әкімдігі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 15 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Бастапқы кезеңде Өскемен қаласында телерадио хабарларын таратуды жүзеге асыру үшін 10 хабар тарататын сирена қондырғылар енгізу жоспарлануда. Бұл дегеніміз жүйе тек қана сигнал ғана емес, сонымен қатар ақпараттық хабарламаны да береді. Мысалы, су басқан аумақ ескертіліп, хабарланатын болады, - деді халықпен кездесуде ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Мадьяров.
Оның сөзіне қарағанда, Өскемен қаласында 300-ге жуық хабарлама-сирена қондырғысы қажет. Ал облыс бойынша бұдан 10 есе көп қондырғы керек.