Тараздың айналасына "жасыл белдеу" жасауды жоспарлап отыр
Жамбыл облысының әкімдігінде облыс орталығындағы жерлерді абаттандыру жобалары талқыланды
Тараз шөлдің шетіндегі табиғат оазисінде орналасқан және таулармен қоршалған, сондықтан қала жеткілікті деңгейде көгалдандырылмай отыр, деп хабарлайды "Қазақпарат" сайты.
Осыған байланысты облыс әкімі Асқар Мырзахметов қала маңайына құрылыс жұмыстарына жарамсыз жер учаскелерін көгалдандыруды тапсырды. Бұл учаскелерде ағаштарды отырғызып, "жасыл белдеу" жасау қажет. Болашақта осы аудандардың аумағында әртүрлі демалыс аймақтары, соның ішінде қала сыртындағы демалыс кешендері ашылмақ.