Төтенше жағдайлардың барлық қызметтері үшін бірыңғай нөмірді енгізу жоспарланып отыр
Бұл ұсынысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері жасады. Алайда Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары бұл ұсынысқа жан-жақты қарады
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі көптеген елдердегідей 102 және 103 диспетчерлік қызметтерді біріктіріп, 112 жедел желісін қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
112 қызметі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетке тиесілі және апаттық-құтқару қызметі ретінде жұмыс істейді.
- ЭКСПО өткізген кезде мәселе өткір болды, - деп хабарлады ҚР ІІМ техникалық департаментінің бастығы Тұрлыбек Ахметов республикалық БАҚ-тарда. - Шетелдіктерге 101, 102, 103 нөмірлерін есте сақтау қиын. 112 қоңырау соғу ыңғайлы. 112 желісінде диспетчер өзі қай қызметтің жағдайды қабылдауға тиіс екенін шешеді.
Бұл жаңашылдық полицияның жұмысын жүктейді.
Министрліктің мәліметінше, оларға келген 10 қоңыраудың сегізі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жатпайды.Бірыңғай нөмірді құру жергілікті әкімдіктер деңгейінде ұсынылады.
ШҚО-ның Қоғамдық кеңесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында шығысқазақстандықтардан бірыңғай диспетчерлік қызметке қалай қарайтынын сұрады. Адамдардың пкірі де әр түрлі. Біреудің оң көзқарасы бар, ал басқалары күмәнмен жауап қатты.
- Олар жағдайдың қай қызметке жіберілетінін анықтғанша, адамдар жедел жәрдемді күте алмайды. Барлық қоңыраулар жұмыс істеуі қажет, -деп кейбір тұрғындар өз пікірін білдірді.
Қазіргі уақытта барлық төтенше жағдайлар қызметтеріне бірыңғай нөмір енгізу - бұл тек мұқият талдауды қажет ететін мамандар әзірлеген ұсыныстар. Халықтың пікірі ескерілетін болады деп үміттенеміз.