НАТО тарихында алғаш рет әйел әскерді басқарды
Словения армиясын басқарған генерал-майор Аленка Эрменц НАТО елінің Қарулы күштерінің басшысы болып тағайындалған алғашқы әйел болды
55 жастағы Эрменц сәрсенбіде Бас штаб басшысы болып жұмыс істей бастады.
Эрменц 1991 жылдан бері әскерде қызмет етті. 2009 жылы Лондондағы Корольдік әскери училищесін бітірді. Ол бір жыл бойы Бас штаб басшысының орынбасары қызметін атқарып, қараша айында генерал-майор атағына ие болды.
Бас штаб басшысының өзгеруіне байланысты Словения Қорғаныс министрлігі келесі 5 жылда елдің қорғаныс стратегиясын әзірлеуді жоспарлап отыр. Словения 2004 жылы НАТО-ға қосылды.