Өскемен әкімі азаматтарды жеке көлікке аз отыруға үндеуде
Ауа-райының жағдайына байланысты қала әкімінің әлеуметтік желілердегі парақшасында өскемендіктерді автокөлікпен жол жүрмеуге шақырды
- Жылы ауа райы жағдайына және күтілетін аязға байланысты жолда өте сақ болуды ескертеміз, - деп жазды өз парақшасында Жақсылық Омар. - Аса қажеті болмаса өзіңіздің жеке көліктеріңізбен жұрмеуді өтінеміз.
Сондай-ақ, облыс орталығының басшысы коммуналдық қызметтер жаяу жүргіншілер жолын тазалау үшін жұмыс істеп жатқандарын мәлімдеді.