Сирияда лаңкестер химиялық қару қолданды
Сирияның Алеппо аймағы маңындағы бір бөлігі хлорлы атысқа ұшырады
Атыс туралы SANA агенттігі хабарлады. Айта кету керек, шабуылда қолданылған хлорлы снарядтар халықаралық конвенцияларда тыйым салынған.
Провинцияның губернаторы Хусейн Диябтың айтуынша, бұл шабуыл лаңкестердің химиялық қаруының болуын растайды.
Шабуылдың нәтижесінде 50-ге жуық бейбіт тұрғындар, соның ішінде көптеген балалар мен әйелдер зардап шекті. Олар тұншығу белгілері бар болғандықтан ауруханаларға жатқызылды. Сонымен қатар, екі жасөспірім жан сақтау бөліміне жатқызылды.