Өскеменге әлеуметтік көмір жеткізіледі
Өскемен қаласының әкімдігі "Қаражыра" кенішімен тағы да 5000 тонна әлеуметтік көмір жеткізуге келісті
Ал әлеуметтік көмірді таратумен интернационалист-жауынгерлер қоғамдық бірлестігі айналыспақ.
Қала әкімдігі хабарлағандай, "Қаражыра" кенішімен әлеуметтік көмірді жеткізу туралы келісімге келесі аптада қол қойылмақ. Содан кейін көмір тасымалдана бастайды.
Айта кетейік, биыл Өскемен қаласында 800 адам әлеуметтік көмір ала алмай қалған болатын, өйткені биыл сатып алынған 35 мың тонна әлеуметтік көмір барлығына жетпей қалды.