Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мектеп асханалары сын көтермейді

Облыстағы мектеп асханаларының санитарлық жағдайы сын көтермейді. Ал құзіретті органдар қатаң шара қолдана алмай қынжылып отыр

ШҚО Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті аудандағы білім беру бөлімдері мен мектеп басшылары жиналған, облыс әкімдігінде өткен жиналыста мектеп асханаларындағы мәселелер туралы айтып, тез арада қатаң шараларды қолға алу керектігін ескертті.

Мәселен, жыл басынан бері облыста 290 мектеп асханасының санитарлық жағдайы тексеріліп, оның 283-інен көптеген олқылықтар табылған. Яғни, облыс өңіріндегі асханалардың барлығы талапқа сай емес деген сөз.

- Мектеп асханаларының тамақты сақтау, дайындау және беру талаптары мүлдем санитарлық нормаларға сай емес. Тамақ дайындау орындары лас, кір, май сіңген. Ал тамақтарды тоңазытқышқа дұрыс қоймайды. Сатып алынған азық-түліктердің де сапасы белгісіз. Кейбір асханаларда тамақ жасау, ыдыс жуумен айналысатын жұмысшылардың аспаздық білімін дәлелдейтін құжаттары тұрмақ, санитарлық кітапшасы да жоқ, - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасары Болат Қуанышбеков.

Құзіретті органдар мектеп асханаларын бір жылда екі рет тексереді. Ал бірінші келіп тексеріп, беріп кеткен ескертпелерін келесі жылы келіп тағы тексереді. Бірақ мәселе мынада асханада қызмет көрсету тапсырысын ұтып алған мердігерлер бір жыл ғана жұмыс жасайды да, келесі жылы құрал-жабдықтарын жинап, басқа мекемеге кетіп қалады. Яғни, тендер тапсырысы бір жылға ғана беріледі. Ал санитар мамандар келесі жылы келіп тағы аталған асхананың жағдайын тексерейін десе, оның орнына басқа кәсіпкер келген болып шығады.

- Аспазшылардың көбі жарты жыл бойы санитарлық тексерістің болмайтынын жақсы біледі, сондықтан жүгенсіздікке барып жатады. Егер оқушы уланып қалса ғана біз жоспардан тыс тексеріс жүргізе аламыз. Оның өзінде де, оқушының дәл осы асханадан тамақ ішіп, содан уланғаны дәделденуі керек, - дейді Болат Ғазезұлы.

Тіпті, ауыл мектептері асханаларында тамақ дайындаудан да өткен сорақылықтар табылған. Егер қаладағы мектептерде ыдыс-аяқтар асхананың өзінде болса, ауылда олар үйден тасылатын көрінеді. Яғни, күндіз мектепте тамақ істелген соң, қызметкерлер оны кешке үйге алып кететінге ұқсайды.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Асхана Тексеріс