ШҚО-да тау көшкені ұйымдастырылды
Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау" мекемесінің мамандары бірігіп, профилактикалық жұмыс жасады
Өскемен-Самар тас жолының 95-102 шақырымында профилактика шаралары жасалды. Бұл тас жолдың қос қанаты тау бөктері болғандықтан, қауіпті аймақ аталып кеткен. Сондықтан осы аумақта жарылыс жасалып, бөктердегі қар төмен түсірілді.
Ал жол бойына сөгіліп түскен қар техникамен күреліп, құтқару қызметінің мамандары кезекшілік тағайындады.
Следующая →