Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО білім беру саласында 78 млн теңге жымқырылған

Білім беру саласы – Шығыс Қазақстандағы ең көп жемқорлық жайлаған сала болып отыр

Бюджет қаржысын игеру, білім беру гранттарын бөлу, білім беру мекемелеріне басшыларды тағайындау саласы былыққа толы. Бұл жайында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жолмағамбет айтып отыр.

Бюджет қаржысын шығындаумен қатар білім беру мекемелері білім алушылардың ата-аналарынан ақша жинауды да тоқтатпай отыр.

- Білім беру саласындағы жемқорлықтың көбі бюджет қаржысын жымқырумен байланысты. Бұл еңбекақыны беру, іссапар шығындарын есептеу кезінде жиі болады. Биыл жемқорлардың әрекетінен 78 млн теңге жымқырылған, - дейді Ерлан Жолмағамбет.

Мәселен, бюджет қаржысын бірнеше рет талан-таражға түсірген Бесқарағай аудандық әкім аппаратының басшысы мен аудандық білім бөлімінің басшысы бес және үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал Риддер қаласының білім беру бөлімінің есепшісі мен жергілікті компаниялардың бірі екі жыл бойы 75 млн теңге бюджет қаржысын қолды қылған.

Следующая →