Антарктидада энергия өндірудің жаңа амалы анықталды
Халықаралық зерттеу тобы Шығыс Антарктидадан геотермиялық сәулену көзін тапты
Қар құрсауының жібуіне дәл осы геотермиялық энергия ықпал етуі мүмкін деген жорамал жасалуда, деп хабарлайды Новости РАА.
Ғалымдар қалың мұздың үш шақырымға дейінгі тереңдігін зерттеп, радиолокатор арқылы мұздың ішкі жағы еріп, қар суы мұзасты көліне құйылып жатқанын анықтаған. Жердің қабаты ыстық болғандықтан, радиоактивті тау жыныстарының әсерінен мұз еріп жатыр.
Дегенмен зерттеушілер мұздың іші мыңдаған жылдар бойы еріп жатқанын, сондықтан оның табиғатқа келтірер зиянының жоқ екендігін айтады.
- Десе де кейін келе бұл процестер климаттың өзгеруіне әкелуі мүмкін, - дейді зерттеушілер.