ШҚО полицейлеріне планшет берілді
Өңір полицейлері қылмыстық және әкімшілік істерді электронды форматқа көшіру жұмыстарын бастады
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының өңірлерінед қылмыстық істерді электронды форматқа көшірумен айналысатын 64 автоматтандырылған жұмыс орны бар.
- Қылмыстық істі жүргізіп жүрген қызметкер құжаттардың барлығын электронды жүйеге енгізеді. Ол құзіретті органдар мен прокуратураның қадағалауында болады, - дейді ШҚО ПД басшысы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.
Өскемен мен Семей қалаларының жол-патрульдік полицейлеріне 67 планшет берілген. Тәжірибе көрсеткендей, планшет арқылы әкімшілік істі дерекқорға енгізу жұмыс уақытын барынша үнемейді.