Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Логист өзінің бұрынғы жұмыс орнын тонап кеткен

Металл сатып алып, оны қайта сатумен айналысып жүрген ұйым қызметкері жұмыстан шыққаннан кейін өзінің жұмыс берушісін тонап кеткен

Жағдайдың мән-жайы Өскемен қалалық №2 сотының қылмыстық іс материалдарында.

Өзінің бұрынғы жұмыс орнын тонап кету туралы ойды оған досы айтқан. Бұл досы бұрын істі болған көрінеді. Жиналған ақшаның есепшінің бөлмесінде тұратындығын естіген ол, досына мұндай мүмкіндікті қалт жібермеуді ескертеді. Осылайша оңай олжамен қалта қампайтпақ болған екеуі қастарына тағы бір таныстарын қосып алған. Ол электрші болып жұмыс істейтіндіктен, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз еткен. Мәселен, байланыс үшін рация, қолғап.

Ұйымдасқан үшеуі ұрлыққа қас қарайғанда түсуді шешкен. Түнгі үште Путевая көшесінде орналасқан кеңсеге келіп, жымысқы ойларын жүзеге асырған. Осылайша сейфтен 4,5 млн теңгені жымқырып, тайып тұрған.

Ал полиция қызметі күдіктілердің ізіне түскен уақытта олар барлық ұрланған ақшаны жұмсап үлгерген. Айта кеткен, жөн тергеу кезінде үшеуі де істегендерінен жалтармай, шындықты жайып счалған.

Сот қылмыскердердің әрқайсысына әр түрлі жаза түрін кесті. Нысанды табуға көмек берген логист 3,5 жылға бас бостандығынан айырылса, электршіге 3 жыл берілді. Ал қаншама рет түзету мекемесінде жазасын өтеп шықса да, тәртібі түзелмеген азамат 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы орайда таңқаларлық бір жайт, жауапқа тартылған логист сот ісі жүріп жатқан уақытта қаладағы компаниялардың бірінде экспедиторлық қызметін жалғастыра берген.


Следующая →