Астанада заңсыз орнатылған жарнамалық билбордтар алынып тасталды
Сарыарқа ауданы аумағында жыл басынан 318 заңсыз жарнамалық нысан анықталды
Елордада заңсыз орнатылған жарнама маңдайшаларын демонтаж жасау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Заңсыз орнатылған сауда баннерлері, билбордтар мен маңдайшалар қалыпқа келтіріліп жатыр. Өткен аптада Байқоңыр ауданының Ақжол, А. Иманов, А. Сембинов және Ш. Уәлиханов көшелерінде орнатылған 4 нысанға демонтаж жасалды.
Сарыарқа ауданы аумағында жыл басынан 318 заңсыз жарнамалық нысан жөнделді.
- Сарыарқа ауданының аумағында орналасқан баннер, билборд пен маңдайшалар әрдайым заң шеңберінде орнатылмайды. Олар аймақтың көрінісін бұзып қана қоймай, кейде жүргізушілерге кедергі келтіреді. Күшті жел соққанда, маңдайшалар адамдар мен ғимараттарға қауіп төндіруі мүмкін. Заңды бұзушыларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-ші бабына сәйкес әкімшілік хаттама тағайындалады, – деді әкімдікте.