Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да азық-түлік қымбаттап жатыр

Жыл басынан бері қанттың бағасы 30%-ға дейін қымбаттаған, құс еті мен сүт өнімдері де қымбаттап жатыр

Қазір Өскемен қаласы дүкендеріндегі азық-түлік бағалары шарықтап кетті. Мұны қала дүкендерін тексеріп жүрген "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филианың партиялық қадағалау және Өскемен қаласы Қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы да айтып отыр.

- Дүкендегі бағаларды тексеріп жүргенімізге екі ай болды. Қант, сүт өнімдері мен май, құс еттерінің қымбаттағанын байқадық. Ал қанттан өзге азық-түліктердің барлығы өзімізде өндіріледі. Ал оның бағалары неге сонша қымбат? - дейді "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филиалының төраға орынбасары Майраш Екібасова.

Мұның себебін білу мақсатында партия өкілдері мен жұмыс тобы ШҚО Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне сұрау хат жіберіп, сауда орындарын тексеруді өтінген.

- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары бөлшек саудаға қант өнімдерін шығарушыларымен кездесті. Баға біршама өскен. Қазақстандық қант зауыттары әлі өнімдерін саудаға шығарып үлгерген жоқ, Ресейде де егін уақыты емес. Қазір қантты Беларуссиядан әкелінуде. Көлік тасымалы да қымбаттады. Қазір "Ертіс" ҰК" АҚ-ға қант өнімдерін сатып алып, қоймаға қоюға сұраныс беріп жатырмыз, - дейді департамент басшысы Қайрат Оразбаев.

Следующая →