Қазақстанда темір жол билеттеріның икемді баға жүйесі бар
2018 жылдың 11 қыркүйегінен "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қазақстандағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттар үшін икемді бағалар жүйесін енгізді
ҚТЖ өкілдері елімізде пойыз билеттерінің бағасы неліктен әр түрлі екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Биыл 11 қыркүйекте "Жолаушылар тасымалы" АҚ-та Қазақстан ішіндегі әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша бағаны реттеу жүйесі енгізілген болатын. Онда 52 әлеуметтік маңызы бар бағыт көрсетілген. Бірақ онда Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь бағыттары кірмейді.
- Бұл әлемдік тәжірибе. (...) Жолаушы билетті кез келген бағытқа 45 күн бұрын алса, ол 25 пайыз жеңілдікпен ала алады. Жеңілдіктің мөлшері бос орындар мен пойыздың жүру уақытына қанша күн қалуына байланысты белгіленеді. Уақыт таяған сайын пойыз билеті де қымбаттайды, бірақ көп болса 25 пайызға қымбатқа түседі, - деп түсіндірді жолаушылар тасымалының баспасөз қызметіндегілер.
ҚР заңнамасына сәйкес, коммерциялық бағыттар бойынша жүретін пойыздардың тасымалдаушысы бағаны өзі белгілейді. Онда жолаушылар легі, мереке күндері және тағы басқа факторлар ескеріледі.
Осыған байланысты билеттердің бағасы 35 пайыз жеңілдікпен сатылып немесе 35 пайызға қымбатқа сатылуы мүмкін. Коммерциялық бағыттағы пойыздардың билеттерінен түсетін қаражат жаңа қызмет көрсету түрлерін енгізуге, процестерді автоматтандыруға және барлық вагон паркін техникамен қамтамасыз етуге жұмсалады.