2019 жылдан бастап бірінші сынып оқушыларына информатика пәні оқытыла бастамақ
Отандық білім беру саласына тағы да өзгеріс енді
Енді бірінші сынып оқушыларына информатика пәні оқытылмақ келесі жылдан бастап.
Өскемен қаласы білім басқармасының методикалық кабинет басшысының м.а. Алма Кенжебаеваның айтуынша, қазір білім жүйесі ақпараттандырылу үстінде: электронды күнделік, ІТ-сыныптар, электронды журнал, т.б.
- Қазіргі уақытта оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық білімі жетік болуы тиіс. Ал мектептердің барлығы ғаламтор желісіне қосылған, - дейді Алма Төлеуханқызы.
Қазір дайындық жұмыстары жасалуда, оқу бағдарламасы дайындалуда. Биыл информатика пәнін тек үшінші сынып оқушылары ғана оқып жатқан болса, келесі жылдан бастап бірінші сынып оқушыларының өзі информатика пәнін оқи бастамақ.