Қызғылт гауһар тас 44 млн долларға сатылды
Әлемде теңдесі жоқ жалғыз гауһар тас Christie's аукционында сатылып, рекордтты бағаға 44 млн долларға бағаланды
Ал 19 караттық гауһар тасты сатып алған азаматтың акцион ұйымдастырушыларға төлеген қаржымен қосқанда 50 млн доллар қаражаты кетті, деп хабарлайды Новости РАА.
Ал оны сатып алған – Harry Winston зергер үйі.
Алғашында бриллианттың бағасы 24 млн долларға бағаланған, кейін 30-50 млн доллар арасында табыс түседі деп жорамалданған.
Аталмыш аукцион тарихында мұндай гауһар тас бірінші рет сатылып отыр, бұған дейін тек 10 караттық қана гауһар тастар сатылған.